2021 жылғы 16 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде “Азамат және сыбайлас жемқорлық” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының жас ұрпақпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауына жәрдемдесу болды. Іс-шараны ұйымдастырушы Қостанай құрылыс колледжінің Құқық оқытушысы Вельгоша Г. В.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Болат Рүстем Сайлауұлы қатысты. Ол студенттерге қазақстандық заңнама тұрғысынан “сыбайлас жемқорлық” ұғымын өте сауатты, кәсіби түрде түсіндірді.
Іс-шара соңында студенттерге бейне-ролик көрсетілді.
- 17 Feb
- 2021