1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы аяқталды. 10 жыл бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Республикасында болды. Ант беріп, өз борыштарын атқара отырып, біздің сарбаздар әскери ерліктерін, қайсарлықтарын, өзара көмек көрсетулерін, кәсіби жауынгерлік машықтарын көрсетті. Біздің жауынгерлеріміздің ерлігі мен батырлығы ескіру мерзіміне ие емес және барлық уақытта терең құрметке лайық.
Бұл күні Қостанай құрылыс колледжінің студенттері интернационалист-жауынгер, АӘД оқытушысы Алексей Алексеевич Ермоленконы осы атаулы күнмен құттықтап, оған еңбекте табыс, мықты денсаулық және бейбіт аспан тіледі.
Барлық ардагерлерге шын жүректен денсаулық, амандық, сергектік, бейбіт және тыныш өмір тілейміз. Біздің еліміздің лайықты болашағына деген сенім сезімі сізді ешқашан әлсіретпесін, ал рух күші таусылмасын!
- 15 Feb
- 2021