2021 жылдың 1 ақпаны мен 6 ақпан аралығында колледжімізде онлайн форматта «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты қазақ тілі және әдебиет апталығы өтті. Апталық пән оқытушыларының қатысуымен салтанатты бейне роликпен ашылды.
Мақсаты: Болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілдің қолданылу аясын ұғындыру, қазақ тілінің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.
Бұл апталықта пән оқытушылары өз ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын дайындап көрсетті.
Оқытушылар Есеналина Жұмакүл Токушевна Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды кеншілер қаласы», «Қарағанды романы» 362 СС-1 тобымен, Шагатаева Роза Шатеновна «Қауіпсіздік ережелері» 353 ВТиПО-2 тобымен, Кенешова Айгүл Қаршығақызы, Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз поэмасы» 8 ҒҚСП-1 тобымен, Назкеева Әлия Токушевна 363 МКА-1 тобымен, Молдатаева Айнұр Сейдуалиевна «Табиғатты аяла» «Жасыл ел бағдарламасына қатысамын»
359 АРХ-1 тобымен, Кушегалина Айгүл Манаповна «Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік мәселе туралы не білесің?» 358 МЭОСГ-1 тобымен ашық сабақ өткізілді.
Оқушылар қазақ тілі және әдебиет пәнінен барлық меңгерген білімдерін көрсетіп, бақтарын сынады. Топты жарып шығып, өз білімдерімен ерекше көзге түскен оқушылар болды: Жақсылықова Аружан, Кажигапаров Дияр, Серік Жаслан, Умирбекова Томирис, Мусаев Серик, Сермаганбетов Нияз, Савин Егор, Төлеу Қажымұрат, Сейдалинова Алия, Шамин Данил, Поветьева Виолетта Туяков Жасқанат, Малышев Данил, Березань Артем, Ежов Кирилл, Атоваров Дидар, Ахметов Жаслан, Казянин Николай, Каяф Кирилл, Кемпиров Давид, Кусаинов Диас.
Сондай –ақ оқытушылардың ұйымдастыруымен келесі тақырыпта сыныптан тыс іс-шаралар да өткізілді. Молдатаева Айнур Сейдуалиевна, Шагатаева Роза Шатеновна «Тапқыр достар» атты сайыс түрінде өткізілді оқушылар өз белсенділіктерін танытты: Тоқтар Жаннет, Нургалиев Бағдат, Самуратова Айжан. Келесі іс-шараны Есеналина Жұмакүл Токушевна, Назкеева Алия Токушевна Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына арналған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби кеш өткізілді оқушылар өз білімдерін танытты: Жақсылықова Аружан, Жүсіп Мади.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушылары түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді. Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша өз деңгейінде өткізілді.
- 06 Feb
- 2021