«Талап» КЕАҚ 2020 жылдың 7 желтоқсанынан 29 желтоқсанына дейін “TEMASEK” Сингапур қорымен бірлесіп ҚР ТжКБ оқу орындары үшін онлайн курстар өткізді. Онлайн-оқыту “TEMASEK” қоры қаржыландыратын “STEM оқыту мен оқытудағы инновациялар”(ғылым, технология, инженерия және математика) тақырыбы бойынша ZOOM платформасында өтті.
Курс тыңдаушыларының бірі Қостанай құрылыс колледжінің ЖРСТП бөлім меңгерушісі Федотова Наталья Романовна болды.
Курстар барлық қатысушыларға Сингапурдың білім беру жүйесімен танысуға, Nanyang Polytechnic International университетінің инновациялық қызметі туралы, университеттің коммерциялық STEM-жобалары туралы білуге мүмкіндік берді. Сингапурдың білім беру жүйесінде қолданылатын оқытудың заманауи әдістерін: “STEM үшін төңкерілген оқыту”, “Дизайн-ойлау”, “Maker Space” және т. б. зерделеді.
Курс тыңдаушылары Наньян политехникалық институты (NYP) бойынша виртуалды турда, NYP инженерлік мектебі бойынша виртуалды турда болды. Жоба аяқталғаннан кейін қатысушылардың әрқайсысы өз колледждерінде STEM білімін енгізу бойынша жеке жоспар ұсынды.
- 04 Feb
- 2021