18-29 қаңтар аралығында Қостанай құрылыс колледжінде мультимедиялық жобалардың колледжішілік фестивалі өтті. Фестивальге барлығы 9 студент қатысты.
Фестиваль нақты уақыт режимінде бейне-конференц-байланыс арқылы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушылардың жеке басын сәйкестендіруді және олардың ұйымдастырушы белгілеген олимпиаданы өткізу бойынша шарттар мен талаптарды сақтауын бақылауды қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан өтті.
Web-жоба номинациясында 1 орынды Ахметов Амир “Кино құбыжығы” сайты жобасымен; 2 орынды Савин Егор “Microsoft” сайты жобасымен иеленді.
3D – модельдеу номинациясында 1 орынды “Қазақстан “кинотеатры” жобасымен Ченцов Вадим, Лагай Вячеслав; 2 орынды “Жүйелік блок” жобасымен Мұратов Мәди; 3 орынды “Қостанайдың орталық алаңы”жобасымен Ибрашев Әнуар иеленді.
Визуалды бағдарламалау номинациясында 1 орынды “Робот-патруль” жобасымен Денис Лысенко иеленді.
Фильмдер номинациясында 1 орын Мендалина Айдана “Экологияға көмек: Қоқысты сұрыптау” жобасымен; 2 орын Алимгазин Диас “Үйіміздің ластану мәселесі” жобасымен; 3 орын Никонова Виктория “Мұнай, оның маңызы және адам өміріне әсері”жобасымен.
Мультимедиялық жобалар фестивалінің облыстық кезеңіне сәттілік тілейміз!