Қаңтар айында Қостанай құрылыс колледжінің бес қызметкері өздерінің мерейтойлық туған күндерін атап өтті. Оларды кәсіподақ төрағасы Г.С. Айсина, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. С. Инертбаева және басқа да әріптестер айтулы күнмен құттықтады. Туған күн иелеріне көптеген жылы және шынайы сөздер айтылды, оларға естелік сыйлықтар берілді.