«Сәулет бөлімінде» онлайн режимде 1-3 курс үшін жоспарланған ата-аналар жиналысы өтті. Бөлім меңгерушісі Шартакбаева Г.Б. ата-аналарды екінші семестрге арналған оқу процесінің кестесімен таныстырды, онда оқу практикаларының өткізілу күндері, әр топ үшін емтихан сессиясының басталуы көрсетілген.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С. Инербаева 2019-2020 оқу жылындағы «Жасөспірім және заң: қылмыс жағдайының қорытындылары» баяндамасымен сөз сөйледі, осы жылдардағы статистикалық деректерді, талдау деректерін келтірді, бөлімдер бойынша бөліп көрсетті.
Жасөспірімнің дағдарыстық жағдайы бойынша педагог-психолог Н.Е. Аллавердиева сөз сөйледі, ол ата-аналарға жасөспірімдердің суицид мәселелері бойынша алдын алу көмегін көрсету туралы айтып берді.
- 19 Jan
- 2021