Қостанай құрылыс колледжі Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білімінің 80 жылдығына арналған Counter-Strike:Global Offensive пәні бойынша “KSK FastCUP” киберспорттық турниріне (бұдан әрі – Турнир) өтінімдер қабылдауды бастайды.

Турнирдің мақсаттары мен міндеттері:

өңірде киберспортты дамыту және танымал ету;
ойыншылардың шеберлігін арттыру;
белсенді демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру үшін студенттерді киберспортпен айналысуға тарту, кәсіби және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан маңызды командалық рухты қалыптастыруға және тәрбиелеуге жәрдемдесу.
Турнирге тіркелу: 2021 ж. 12 қаңтардан 26 қаңтарға дейін басталуы – 2021 ж. 1 ақпан

Қатысуға 5 ойыншыдан және 1 қосалқы ойыншыдан тұратын Қостанай облысы колледждерінің командалары шақырылады. Қатысушылардың жасы 16 л.

Турнирдің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы: https://vk.com/cyber_ksk.

Положение КС ГО КСК

Заявка Приложение 1