Екі ай бойы өткен «Айбын» республикалық жиыны аяқталды. Онлайн-форматта 39 команда жарысты. Қатысушылардың жалпы саны 585 адамды құрады. Жиынға әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша конкурстар, зияткерлік және шығармашылық сайыстар кірді. Қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар алды, тәжірибе, жаңа білім мен дағдыларға ие болды.
Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Қостанай құрылыс колледжінің “Тайфун” әскери-патриоттық клубына өткізілген республикалық жиынның нәтижелері бойынша қатысқаны туралы сертификат, сондай-ақ клуб басшысы А. И. Козловқа алғыс хат табыс етілді.
Құттықтаймыз!