2020 жыл оңай болған жоқ, бірақ онда жағымды сәттер көп болды. Біз студенттер мен оқытушылардан өткен жыл немен есте қалғанын және олар колледж бен әріптестеріне алдағы жылға не тілейтіндерін білуді шештік.
Абитаева Айжан Сейтжанова,
Қостанай құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шебері
Мен үшін биылғы жыл кәсіби жетістіктерге толы болды. Солардың бірі Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында өткен “тәлімгер + Жас шебер = Команда” кәсіби облыстық байқауына қатысып, біз 1 орынға ие болдық. Келер жылы әріптестеріме, студенттерге денсаулық, амандық тілеймін. 2021 жыл біздің барлық арманымыз бен тілегімізді орындасын, жақындарымыз әрқашан бізбен бірге болсын, барлық істе сәттілік болсын.
Ерденова Ләззат Нәсібұлқызы
Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер және ағылшын тілі оқытушысы
2020 жыл өте қарапайым емес, қиын жыл болды. Ол біздің өмір салтымызды, оқу процесін, әріптестерімізбен, студенттермен қарым-қатынасымызды қашықтықтан өзгертті.
Бірақ биылғы жыл керемет сәттерге, колледж студенттері мен оқытушыларының жетістіктеріне толы болды. Біздің көптеген студенттер WorldSkills кәсіби конкурсының, сондай-ақ пәндер бойынша халықаралық, республикалық конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.
Жаңа 2021 жыл бәріміз үшін жемісті және бақытты болады деп үміттенемін. Биылғы жылы баршаңызға табыс, қуаныш, жылулық және жаңа жылдық жақсылық тілеймін!
Омар Мұрат,
Қостанай құрылыс колледжінің студенті ҒҚСП-4
Биыл мен «Жыл Студенті» байқауының «Жұмыс мақтанышы» номинациясы бойынша жеңімпазы атандым. Мен құрылысшы мамандығын мақтан тұтамын, бұл нағыз ерлер мамандығы. Бұл өте қызықты және жоғары біліктілікті қажет етеді.
Мен алдағы жылы колледждің барлық оқытушыларына, қызметкерлеріне және студенттеріне күлімсіреу үшін көбірек себеп тілеймін, сонда бізді позитивті және бақытты адамдар қоршап алады!