24 желтоқсанда Қостанай құрылыс колледжінде кәсіптік бағдар беру шеңберінде арнайы пәндер оқытушысы Г.Ж. Назаркенованың, орта мектептің белсенді студенттері мен 9 сынып оқушыларының ОМ№1 ат. М.Горький, ОМ.№2 ат.Абай Құнанбаев және Надеждин жалпы білім беретін мектеп қатысуымен бейнеконференция өтті.
Гүлбаршын Жансұлтанқызы талапкерлердің қажетті құжаттар тізбесіне, оларды ұсыну мерзімдеріне қатысты жиі қойылатын сұрақтарына жауап берді. 356 Д-2 тобының студенті Ли Полина және 330 Арх-4 тобының студенті Өтен Айбын, 332 тобының студенті Минаев Владислав өз мамандығы және «Тайфун» әскери-патриоттық клубы туралы айтып берді.
Оқушылар өте қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, біздің колледжге түсуге шешім қабылдады. Олар өздерінің оң пікірлерін орта мектептің ресми сайтында жазды.
Онлайн форматта кәсіптік бағдарлау жұмысының мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибесі ең алдымен оқушылар үшін пайдалы. Болашақ талапкерлер жол жүруге уақыт пен ақшаны жұмсамай, Қостанай құрылыс колледжі туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.
- 25 Dec
- 2020