Жас педагог мектебінің жұмысы аясында Қостанай құрылыс колледжінде 21 желтоқсанда жас мамандарға арналған кезекті отырыс өтті. Шет тілі оқытушысы С.С. Салмағамбетова «Білім алушылардың танымдық ынтасын дамытудың әдіс-тәсілдері. Оқушылардың оқулықпен, оқу мәтінімен жұмысын ұйымдастыру тәсілдері». Жас мамандар А.М. Барбарян, А. В. Сошкин, А. А. Байтенова семинар барысында оқулықпен өз сабақтарында қалай жұмыс жүргізетіндерін айтып берді. Жас педагогтармен жұмыстағы қиындықтарды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Жас педагог мектебінің барлық қатысушылары дидактикалық қоржынға пайдалану үшін материал алды.
- 25 Dec
- 2020