22 желтоқсанда Жас куратор мектебінің отырысы өтті. Іс-шараны директордың орынбасары Г. С. Инертбаеваның басшылығымен колледждің тәрбие орталығы ұйымдастырды.
Отырыс жұмысы барысында онлайн режимінде ата-аналар жиналысын өткізу қаралды. Жас кураторларды онлайн режимінде ата-аналар жиналысын өткізу бойынша жадынамамен таныстырды. Отырыс барысында куратордың ай сайынғы есептік құжаттамасы бойынша әдістемелік практикум, оқу жылына арналған есептік құжаттаманы тапсыру циклограммасымен танысу өткізілді.