11 желтоқсанда Қостанай құрылыс колледжінің студенттері мен оқытушыларының Profi Soft компаниясының HR – маманы Гузалия Жакуповамен онлайн-кездесуі өтті. Техникалық бөлім меңгерушісі Юсупова А. Ж. жұмысқа орналасу және практикадан өту мәселелеріне арналған кездесудің ұйымдастырушысы болды.
Кездесу барысында Profi Soft компаниясының кеңсесі бойынша онлайн экскурсия өткізілді. Балаларға компания, бөлімдер мен қызметкерлер, бағдарламалық өнімдер туралы айтылды, жұмыс орындары мен демалыс аймағы көрсетілді. Сондай-ақ студенттерге бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа, стартап жобаларға қатысу ұсынылды.
Студенттер жұмысқа орналасу және үміткерлерге қойылатын талаптар бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Арнайы пәндер оқытушылары компания маманымен дипломдық жұмыстардың практикалық маңызы бар өзекті тақырыбын талқылады. Студенттерді ақпараттық сүйемелдеу үшін компания мамандарымен түрлі бағыттар бойынша онлайн-кеңес беру жоспарлануда.