Қостанай құрылыс колледжінің студенті Сәбит Диас «Абай оқулары» порталының ұйымдастыруымен өткен «Өлең арнау» республикалық байқауында 1 орын алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша: «Бұл жай ғана байқау емес, Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын насихаттау, қазақстандық жастарда оқу мәдениеті мен әдеби талғамын қалыптастыру мақсатындағы үлкен жұмыстың бір бөлігі». Іс-шараны ұйымдастырушылар атынан колледж оқытушысы А.М. Кушегалина ұлы ақынның шығармаларын насихаттағаны, патриотизмге тәрбиелегені және дарынды балаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.