Рудный Индустриалдық институтында 2020 жылғы 9-10 желтоқсанда «Ғылым. Білім. Жастар.», ұлы ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.
Конференция аясында 6 пікірталас алаңы (секция) жұмыс жасады. Қостанай құрылыс колледжінің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 348-топ студенттері Иванов Александр мен Касьяненко Павел №2 «Ғылыми-технологиялық дамудың жаңа парадигмасы. Қазіргі ғылыми зерттеулер мәселелері». Олар арнайы пәндер оқытушыларының Н.В. Смолева мен О. С. Тертышниктің ғылыми жетекшілігімен «Қостанай қаласының тұрғын аудандарын энергиямен қамтамасыз етудің баламалы нұсқасы ретінде жел энергетикасын қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша біздің студенттер бірінші орынға ие болды!