10 желтоқсанда «Мамандық призмасы арқылы студенттердің экологияға көзқарасы» облыстық онлайн конкурсында стартап жобаларды қорғау өтті. Команда қатысушылары ZOOM платформасы арқылы өз жобаларын, бизнес идеяларын көрсетті. Студенттер өз идеяларын ұсына отырып, көптеген адамдарға көмектеседі деп үміттенеді.
Қостанай құрылыс колледжінің студенттерінің «SMART TRASH» қалдықтарды басқару жүйесі» атауымен Start-up аталмыш байқауда екінші орынға ие болды. Жобаның ғылыми жетекшісі К.С. Блажко, студенттер Д. Шелудько, В. Лопатин, А. Пак грамоталармен, алғыс хаттармен және жүлдегерлер кубогымен марапатталды. Құттықтаймыз!