26-29 қараша аралығында Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы спорты орталығының трассаларында қазақстандық шаңғышылар 2020-2021 жылғы жарыс маусымын ашты. 1-тур бағдарламасына: классикалық стильмен спринт; классикалық стильмен жарыс (әйелдер тобы үшін 5 км, ерлер тобы үшін 10 км); еркін стильмен жарыс (әйелдер тобы үшін 10 км, ерлер тобы үшін 15 км) кірді.
Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Риза Баймағанов пен Данил Кудряшов шаңғы жарысына белсенді қатысты. Балалар атап өткендей: “Мұндай іс-шараларды өткізу біздің студент жастарға қажет. Олар жастарды спортқа, салауатты өмір салтына тартуға және, әрине, командалық рухты дамытуға мүмкіндік береді. Чемпионатты жоғары деңгейде өткізгені үшін ұйымдастырушыларға, жанкүйерлерімізге көрсеткен қолдауы үшін, ал барлық қатысушыларға еңбексүйгіштік пен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдіргіміз келеді!»
Шаңғы жарысын жақсы көріңіз, достар! Спортпен шұғылданыңыз!