27 қарашада «ҚР колледждерінің топ 100 үздік студенті» республикалық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау рәсімі Қостанай облысының білім басқармасында өтті, онда Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Кариновамен онлайн конференция өткізілді. Лауреаттар жоба ұйымдастырушыларына, ҚР БҒМ-ге, туған-туыстарына және достарына алғыс білдірді.
Қостанай құрылыс колледжінің студенті Тесленко Денис Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
«Біз ең жақсымыз, бірақ әр студент – бұл біздің еліміздің болашағы. Біз-жастармыз, аға ұрпақтың тірегіміз. Жыл сайын біздің облыстың студенттері арасынан жеңімпаздар мен қатысушылар көп болғанын қалаймын!» – деді Денис конференцияда Қостанай облысы білім басқармасының басшысына Зәуре Бәйменова.
Денисті құттықтаймыз және оған одан әрі жеңістер мен үлкен жетістіктер тілейміз!
- 27 Nov
- 2020