26 қарашада колледж кураторларының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шараны директордың орынбасары Г.С. Инертбаеваның басшылығымен колледждің тәрбие орталығы ұйымдастырды.
Отырыс барысында әдістемелік бірлестіктің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарлары, сондай-ақ басқа да нормативтік құжаттар қаралды. Кураторлардың назарына колледж кураторларының қатысуы тиіс конкурстар туралы ақпарат жеткізілді, “колледждің үздік тобы” конкурсы туралы ережелер, “студенттер рейтингі туралы”ереже ұсынылды. Бұл отырысты тоқсанына бір рет өткізу жоспарлануда. Биылғы жылы колледжде “жас куратор мектебі”жұмыс істей бастайды. Себебі, біз қазір болып жатқан жағдайлар колледжде тәрбие процесін жандандыру үшін жаңа формалар мен әдістерді талап етеді. “Жас куратор мектебі” шеңберінде жас кураторлар да, барлық ниет білдірушілер де пандемия жағдайында студенттермен жұмыс істеу нысандары мен әдістеріне, яғни онлайн оқыту жағдайында оқудан өтетін болады.
- 27 Nov
- 2020