Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Студенттік ару– 2020» сұлулық және талант байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға Қостанай облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты белсенді студенттердің таланттарын ашу, тұлғаның шығармашылық, физикалық, сондай-ақ рухани дамуын насихаттау болып табылады.
Қостанай құрылыс колледжінің студенті Абдулова Валерия-Калерия «Мисс интеллект» номинациясының иегері атанды. Құттықтаймыз!