Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті «Педагогикалық тандем» облыстық байқауының қорытындысын шығарды. Оның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтарымен жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық тәсілдерін анықтау, білім беру мазмұнын жаңартуға және оның сапасын арттыруға бағытталған білім беру ұйымдарында тьюторлықты танымал ету болды.
Байқауға Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәжірибелі ұстаз – тәлімгерлері мен жас оқытушылары қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша конкурстың жеңімпаздары болып Қостанай құрылыс колледжінің оқытушылары Инжеева Любовь Сергеевна және Пенкин Евгений Сергеевич танылды.
Байқаудағы жеңісіңізбен құттықтаймыз!
- 25 Nov
- 2020