Ағымдағы жылдың 20 қарашасында онлайн – форматта Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Тәлімгер + Жас шебер = Команда» облыстық байқауы өтті.
Конкурсты ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті болды.
Конкурстың мақсаты – өндірістік оқыту шебері кәсібінің мәртебесін арттыру және нығайту, білім беру қызметінің негізгі түрлері арқылы шебер – тәлімгердің және өндірістік оқытудың жас шеберінің кәсіби жетістіктерін көрсету.
Облыстық байқауға өндірістік оқыту шеберлерінің 6 командасы қатысты.
«Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шеберлері А.С. Абитаева, Е. А. Бирюк осы конкурстың жеңімпаздары атанды. Құттықтаймыз!
- 25 Nov
- 2020