Қостанай құрылыс колледжінің 3 курс студенті Тоқтар Жаннәт Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай-Дана, Абай-дара қазақта!» жалпы республикалық «Абай мұрасы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Конкурс ұйымдастырушылары, ADEBI.KZ. білім беру сайты атынан оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен  колледж оқытушысы Б.Қ. Қонарбаева марапатталды. Құттықтаймыз!