Осындай ұранмен Қостанай құрылыс колледжінде 2020 жылғы 16-20 қараша аралығында «Техникалық бейіндегі жұмысшы мамандықтар бөлімінің» студенттері үшін құқықтық білім апталығы өтті. Іс-шаралар студенттердің құқықтық білім деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының заманауи заңнамасы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында дайындалды және ұйымдастырылды, құқықтық мәдениетті және азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
Құқықтық білім апталығы аясында Қазақстан Республикасының құқықтық терминдері мен заңнамаларын жақсы білуге арналған «Құқық эрудиттері» зияткерлік конкурсы, «Жастар және құқық бұзушылықтар» онлайн сұхбаты, «Заңдар не үшін қажет?», «Хаммурапи заңдарынан қазіргі заңнамаға дейін» онлайн-құқықтық экскурсия. Құқықтық білім апталығын өткізу нәтижесінде студенттер кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырды, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейтті, практикалық құқықтық міндеттерді шешу кезінде өз білімдерін қолдануды үйренді.