2020 жылғы 13 қарашада Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында Халықаралық толеранттылық күнін мерекелеу қарсаңында “Бірге өмір сүру өнері”диалог – әңгіме түріндегі онлайн іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар “толеранттылық” ұғымының пайда болу тарихымен танысты, бұл ұғымды әртүрлі халық өкілдері қалай түсіндіретінін білді. Кітапханашылар Багрова Наталья Евгеньевна мен Вельгоша Галина Валентиновна студенттерді таныстырып, толеранттылық, өзара түсіністік және өзара қабылдау мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік авторлардың көркем туындыларын оқуға ұсынды.
Қостанай құрылыс колледжінің № 2 корпусы кітапханасында «Бірге өмір сүру өнері»диалог – әңгіме іс-шарасы өтті. Оған № 366 ӨҚЖШ-1, № 364-С-1 топтарының студенттері қатысты (12 адам қатысты). Әңгімені кітапханашы Буренко Светлана Владимировна дайындап өткізді.