Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында өткен «Жаһандану дәуіріндегі ТжКБ дамуының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде Қостанай құрылыс колледжі директорының орынбасары Инербаева Г.С. «Студенттік өзін-өзі басқару студенттердің қоғамдық қызметінің ерекше нысаны ретінде» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін үздік ұсынғаны үшін жеңімпаз дипломымен марапатталды. Қостанай құрылыс колледжі директорының орынбасары Терновая О.В. «Педагогтардың инновациялық қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбы бойынша үздік тәжірибені қорытындылағаны үшін жеңімпаз дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!
- 16 Nov
- 2020