2020 жылдың 10 қарашасында колледждің екінші курс студенттері үшін «Мұсылман жастарының радикалдану мәселелері» тақырыбында бейнеконференция форматында іс-шара өткізілді. Бейнеконференцияны А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Альшанова Б. Х. өткізді.
Іс-шараның мақсаты-деструктивті және тоталитарлық бағыттағы діни экстремизмнің алдын алу.
Конференция барысында колледждің АТТ жетекшісі Л.М. Мусина жастардың кейбір бөлігінің радикалдануына байланысты қазіргі жағдайға қысқаша сипаттама беріп, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Әлшанова Б.Х. дәріс барысында студенттерді Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмге және терроризм қаупіне қарсы іс-қимыл саясатының негізгі бағыттары мен қағидаттарымен, осы саладағы қолданыстағы заңнама мен бағдарламалармен, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы жастардың радикалдану проблемасының болуымен таныстырды.
- 12 Nov
- 2020