Жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қостанай құрылыс колледжінде колледж студенттері мен учаскелік инспектор А.Ж. Кунтазинаның қатысуымен “Құқық бұзушылыққа Нөлдік төзімділік” тақырыбында онлайн іс-шара өткізілді.
Нөлдік төзімділік-бұл азаматтардың теріс реакциясы немесе ең ұсақ құқық бұзушылықтарға да төзгісі келмеуі. Рұқсат пен тәртіпсіздік сезімі неғұрлым ауыр құқық бұзушылықтар жасауға негіз болады.
Учаскелік инспектор Кунтазина Әйгерім Жұмаделқызы қоғамда осы мәселе бойынша қоғамдық сананы қалыптастыру қажеттігін атап өтті, ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік атмосферасын құру ғана қылмысқа қарсы күресті күшейтудегі маңызды қадам болатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол студенттерді Қостанай облысында орын алған кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы статистикалық деректермен таныстырды, кездесуге қатысушыларды осы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жазалау шаралары, оларды құқық бұзушыларға қолдану тәртібі туралы хабардар етті.
- 12 Nov
- 2020