Жас педагог мектебінің жұмысы аясында колледжде «Заманауи сабаққа қойылатын талаптар» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарды жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында қазақ тілі мен әдебиетінің тәжірибелі оқытушысы, жоғары санатты педагог Айнұр Сейдуалиевна Молдатаева өткізді. Семинар барысында жас педагогтар қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық, психологиялық талаптар, сабақтар мен оның негізгі компоненттерінің жіктелуі туралы білді. Тыңдаушылар заманауи сабақ құрастыру бойынша қажетті ақпарат алды. Семинар мемлекеттік тілде өтті. Мектептің барлық қатысушылары дидактикалық қоржынға пайдалану үшін материал алды.
- 03 Nov
- 2020