Қостанай құрылыс колледжінің “Тайфун” әскери-патриоттық клубының курсанттары Досымжанова Дильназ, Олексенко Алина “Айбын-2020” VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында оп-line форматында “Саламатты Жас Сарбаз” алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жарысқа қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты-жиынға қатысушылардың алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білім мен дағдыларды игеруі.
Қатысушыларға АМК көрсету бойынша теориялық және практикалық білімдерін көрсету қажет болды. Курсанттар Досымжанова Дильназ, Олексенко Алина Қостанай қаласының “Апаттар медицинасы” орталығында алдын ала дайындықтан өтіп, сондай-ақ “Солтүсті көңірлік құтқару жасағы” ұсынған адамның макетін пайдалана отырып, судьялардың қойған сұрақтарына іс жүзінде қатесіз жауап берді: ес-түссіз адамның жүрек-өкпе реанимациясы, сондай-ақ қан кетудің түрлері мен тоқтатылуы.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда 2 құрметті орынға ие болды!
Студенттерімізге әскери істің білімдері мен дағдыларын жетілдірулеріне табыстілейміз.
- 27 Oct
- 2020