Қостанай құрылыс колледжінің студенті Денис Тесленко “Қазақстан Республикасы колледждерінің Ең 100 үздік студенті”республикалық жобасына енді! Жоба талантты жастарды қолдауға және жұмысшы біліктілігін насихаттауға бағытталған. Жобаның республикалық кезеңіне үлгерімі жақсы студенттер, студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшылары, “WorldSkills” халықаралық чемпионатының, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, инновациялық идеялар конкурстарының және стартап-жобалардың қатысушылары мен жеңімпаздары өтті.
Жоба білім алушыларды құзыреттілік деңгейін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарыныңүздік 100 студенттерін тануға бағытталған.
Біздің студент Денис Тесленконы осы жобадағы жеңісімен құттықтаймыз. Барлық бастамаларына сәттілік тілейміз. Денис, сен жарайсың! Сені лайықты жеңісіңмен құттықтаймыз!!!