Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі Герман-фашистік басқыншыларды жеңген мерейтойға арналған деректі фильмдер байқауын ұйымдастырды. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен кәсіби режиссерлер қатысты.
Қостанай құрылыс колледжінің студенті де өз күшін сынап көруге шешім қабылдады және қатысуға өтінім берді.
2020 жылдың 15 қазанында онлайн марапаттау рәсімінде байқаудың қорытындысы шығарылды. Техникалық бөлімнің студенті Тесленко Денис режиссерлік шеберлік мамандарымен тең дәрежеде жарыстыжәне конкурс ұйымдастырушыларының алғыс хатымен марапатталды.
«Мен конкурс ұйымдастырушыларына менің жұмыстарымды кәсіби мамандардың жұмыстарымен тең қарағаны үшін алғыс айтамын және ризашылығымды білдіремін. Мен қол жеткізген жетістіктеріммен тоқтап қалғым келмейді және тек фильмдер түсіру үшін көп жұмыс істеймін»- деді Денис баспасөз орталығының редакциясына.
Дениске болашақта сәттілік пен жеңіс тілейміз! Жарайсың!