2020 жылғы 22-24 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы алғаш рет онлайн режимінде Қостанай облысының «Жас әскер-2020»әскери – патриоттық клубтарының слетін ұйымдастырды және өткізді.
Оған біздің аймақтың қалалары мен аудандарынан 13 Үздік команда, соның ішінде Қостанай құрылыс колледжінде жұмыс істейтін «Тайфун» әскери-патриоттық клубы қатысты.
Курсанттар команда мен клубтың үздік презентациясына, шығармашылық байқауға, белтемірге тартылудан, АК-74 Калашников автоматын тез және дұрыс бөлшектеуге және құрастыруға, сондай-ақ «Азаматтық қорғаныс» номинациясында (газтұмылдырықты және плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс кешенін кию) сайысты.
Әрине, онлайн режимі слет курсанттары мен судьяларының іс-әрекеттеріне өз түзетулерін енгізді. Құштарлық пен эмоциялар жылуы әр командада бөлек қалыптасып, қайнап жатты. Нақты жағдайда бұл қызықты және көрнекі болар еді, бірақ тағдыр осылай бұйырды.
Жалпыкомандалық есепте біздің клуб командасы үшінші орынға ие болды. Слеттің жеңімпазы Қостанай қаласының №16 ОМ «Жас сарбаз» ӘПК болса, екінші орынды Қамысты ауданының «Мерген» ӘПК жеңіп алды.

«Тайфун» ӘПК жетекшісі
А.Козлов