2020 жылдың 8 қазанында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығына арналған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен салтанатты жиналыстың онлайн-көрсетілімі өтті.
Іс-шара барысында ол осы оқу жылынан бастап колледж оқытушылары біліктілік санаттарын көтеретінін, біліктілік санаты берілгеннен кейін лауазымдық жалақының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатынын хабарлады.
« Мемлекет басшысының қолдауының арқасында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы өсті, ол келесі жылдары да ұлғаятын болады. Өз кезегінде колледж директорлары мен директорларының орынбасарлары жұмыс тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100% – на дейін қосымша ақы алатын болады. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы өсті, ол кейінгі жылдары да ұлғаятын болады. Бұл біздің әріптестеріміздің жұмысының тиімділігін арттыруына ынталандырады», – деп атап өтті министр. Ол колледждерде сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу үшін «Жас маман»республикалық жобасы іске асырылып жатқанын еске салды.
Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары тобының бастамасы бойынша заң жобасы қаралып жатқанын, оның аясында еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұраныстарына икемді әрекет ету үшін колледждерге академиялық еркіндік беру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу көзделетінін хабарлады. «Студентке ақша» қағидаты бойынша қабылдау тетігін енгізу колледждің өзінің бәсекеге қабілеттілігін және колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. «Егер, қазірден өңірлік білім басқармалары мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде конкурс өткізіп, сол немесе өзге колледждің қанша орын алатынын анықтаса, болашақта бұл шешімді студенттер қабылдайтын болады. Студенттер колледж таңдауымен қай колледждердің бәсекеге қабілетті екенін және жақсы білім беретінін анықтайды», – деді Білім министрі.