Электрондық білім беру сайтында Ebilim.kz Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған “Абай оқулары ” атты республикалық байқауы өтті.
Қостанай құрылыс колледжінің 2 курс студенті Сәбит Диас (7 ГҚЖҚП ) аталған республикалық интернет-конкурсқа онлайн түрінде қатысты. “Абай оқулары” байқауының мақсаты: қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, студенттердің классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру, Абайдың басқа ұлт тілдеріне аударылған шығармаларын анықтау, Абай шығармалары арқылы көркем оқуды дамыту, тіл мәдениетін дамыту, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттер, Ұлы адамдардың шығармашылығына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Байқау барысында қатысушылар Абайға арналған эссе жазып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, өздері шығарған өлеңін мәнерлеп оқулары керек болды. Байқау қорытындысы бойынша Сәбит Диас 1 орынға ие болды! Ғылыми жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Кушегалина Айгуль Манаповна. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=1HLrJHZ99LDjpzARXYbtYroUywBK0T9j8&export=download” title=”Абаевские чтения.JPG” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”400″ height=”600″ extra=”image” style=”embed”]