25 мамыр 2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ebilim.kz Электронды білім – әдістемелік сайты ұйымдастырған республикалық ұстаздар мен оқушылар арасында байқау өтті. Ол байқауға біздің Қостанай құрылыс колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Кушегалина Айгүл Манапқызы мен оның шәкірті 7 топ ГҚЖЖҚП-1 студенті Сәбит Диас қатысты. «Мен енгізген жаңалық» атты байқау бойынша жүлделі 1 орынға Кушегалина Айгүл Манапқызы мен «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты байқау бойынша жүлделі 1 орынды Сәбит Диас иеленді. Жүлделеріңізбен құттықтаймыз! Келешекте шығармашылық табыс тілейміз!!!