Бүгін, сағат 11: 00-де студенттер мен актив мүшелері А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған “Адалдық сағаты” республикалық акциясына қатысты. Бұл акция онлайн режимінде өткізілді. Оның мақсаты студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық нормаларды сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайтуға, білім беру және мәдени деңгейін арттыруға ұмтылу болды. Колледж қатысушылары 37 студент қамтылды. Студенттер әділдік, адалдық және әділдік сияқты адами құндылықтарды насихаттайтын бейнематериал көрді.
- 18 May
- 2020