Құрметті Қостанай құрылыс колледжінің студенттері!

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін 2020 жылдың 16 наурызынан бастап құрылыс колледжі қашықтықтан білім беру технологиясына көшеді.
16 наурыздан 05 сәуір аралығында колледж МЖБС, оқу жоспары және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларын іске асыра отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып оқытуды жүргізеді.

Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін сізге MOODLE электрондық платформасына және басқа да электрондық көздерге қол жеткізу ұсынылады.

Құрметті студенттер, осы кезеңде:

  • педагогтармен күнделікті байланыста болу қажет;
  • қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысу;
  • күн сайын өз бетімен оқу үшін оқу материалдарын алу үшін электрондық поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіру;
  • күнделікті тапсырмаларды өз бетінше орындау;
  • педагогқа қол жетімді байланыс құралдары арқылы сканерлеу (немесе фото), орындалған тапсырмаларды жіберу арқылы педагогтардың талаптарына сәйкес күнделікті орындалған тапсырмаларды ұсыну;
  • оқу тапсырмаларын орындау кезінде Академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтау;
  • қол жетімді электрондық ресурстарды пайдалану.

Қазіргі уақытта колледж әкімшілігі адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды және жеке бас гигиенасын қатаң сақтауды ұсынады.

Құрметпен, колледж директоры Арман Жағанұлы Шамшин

Приказ№108 по коронавирусу.docx