Колледжіміздің «БРЭНД» жайдарман тобы 2017 – 2018 оқу жылында әртүрлі әзіл сайыстарға қатысып жақсы нәтежелер көрсетті. Жайдарманның басты мақсаты: көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлау, жастарды ұлт жандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу. Жыл бойы өткізілген әзіл сайысының қорытындысы бойынша «БРЭНД» жайдарман тобы үздік нәтижелер көрсетіп, мақтау қағаздарымен, кубоктармен марапатталып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. «БРЭНД» жайдарман тобы облыстық,қалалық сайыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті: ҚМУ студенттері лигасы фестивалінің кубок иегерлері (Қостанай қаласы); Ақмола облыстық лигасы фестивалінің кубок иегерлері (Көкшетау қаласы); JAS beles ашық лигасы фестивалінің кубок иегерлері (Қостанай қаласы); Лисаковск қаласы әкімінің кубогы иегерлері.
Соңғы жетістіктері 2018 жыл 23 мамыр Рудный қаласында ұйымдастырылған «RUDlive» облыстық примьер лигасы жобасына қатысып, жеңімпаз атанды. Топтың капитаны Байкелов Асқарбек, топ мүшелері Смағұлов Қуандық, Орынбаев Ғалымжан, Бортай Дәулет, Есетов Бекжан.
«БРЭНД» жайдарман тобы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жаңа кезеңге дайындалып үлкен жоспар құруда. «БРЭНД» жайдарман тобы жаңа ғана қалыптасып жатқан топ бола тұра, көзге түсіп 2019 жылы телевизиялық лига ойындарына ат салысуға шақыру алды.
Болашақта жайдарман жастарымызға осы жоғарыда аталған додаға түсіп, оларға сәттілік тілей отырып «Әзілдің жұлдызы» атануға үлкен сенім артамыз.