2018 жылғы 7 ақпан күні математикалық пәндер оқытушысы Жакетова Сабира Бакытжанқызы жаратылыстану-математикалық пәндер ПЦК апталығы шеңберінде  «Ғажайып бірлік» интеллектуалды ойын өткізді.

Бұл қызықты іс-шараға ДОБУ бөлімінің «Жалын» атты 4ҒҚСП-1 тобы және «Архимед ізбасарлары» атты 3ҒҚСП-2 топтарының студенттері жарысты. Ойын барысы  алгебра, геометрия, физика пәндерімен біріктірілген 7 бөлімнен тұрды. Бұл сайыста студенттер осы күнге дейін алған білімдерің көрсетті.

Әділ ойынның әділқазылар алқасын құраған: физика пәні оқытушысы Альчимбаева Қ.Т., қазақ тілі пәні оқытушысы Кенешева А.К.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орынға ие болған 3ҒҚСП-2 тобының студенттерін құттықтаймыз.