Қоғамдық және экономикалық пәндер ПЦК апталығы шеңберінде «Ұшқыр ойлы жұлдыздар» атты викториналық ойыны өткізілді.

Викториналық ойын ҚР Тәуелсіздік күніне орай 2 ҒҚСП және 3 ҒҚСП топтары арасында өтті. Ойынның әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасын: әдістемелік кабинет меңгерушісі Муканова К.Б., арнайы пәндер оқытушылары : Сыздық Г.Қ., Назаркенова К.Ж. құрады.

Ойын барысы 5 адамнан құрылған 5 айналымды құрады. Бірінші айналым –топты  таныстыру.

Бұл айналымда  топтар алдын ала топтын атын, ұранын, эмблемасы және топ мүшелерімен таныстыруды дайындады. 2 ҒҚСП студенттері  «Бірлік» топ атымен қатысты, ал 3 ҒҚСП топтарын «Қыран» деп атады. Екінші айналым – сұрақ-жауап, Қазақстан тарихы, экономика негіздері, география пәндерінен қамтылған сұрақтарға жауап беру керек еді. Үшінші айналым – үй тапсырмасы, әр топ бір тауарға жарнама жасап келуі қажет еді.

Төртінші айналым – капитандар сайысы. Капитандарға интерактивті тақтада көрсетілген қазақтың көне ескерткіштердің атауын табу. «Бірлік» тобының басшысы Мусабаев Рахат, бұл айналымда топты жарып шықты, ал «Қыран» тобының басшысы Бердібаев Сәкен қалыспауға тырысты.

Бесінші айналым – бейне сұрақ. Бұл айналымда әр топқа бір бейне-сұрақтан қойылып, топтар жауап берулері керек еді. Бес айналым нәтижесі бойынша екінші орынды 3 ҒҚСП тобы мүшелереі иеленді, ал бас жүлде 2 ҒҚСП тобының студенттеріне бұйырды.