Қостанай құрылыс колледжінде 20 ақпан күні «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілі.Бұл іс – шара басқа ұлт өкілдері мен мемлекеттік тілді игеретін студенттер арасында өтті.Байқау үш кезеңнен тұрды. Студенттер өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді бір қуантты.Бірінші кезең «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бойынша студенттер өздерінің жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқып айтты. Екінші «Көңілім әнді ұғады» кезеңінде студенттер Абайдың әндерін паш етті.Үшінші кезең бойынша қатысушылар өздерінің шығармашылықтарымен Абай атамызға өлеңдерін арнады.Қорытындылай келе, әділқазылар өз бағаларын берді. Бірінші кезең бойынша 1 орынды Қасымқанов Қуандық,Нургалиева Дина, 2 орынды Бердібаев Сәкен, 3 орынды Толықбай Шыңғыс, Екінші кезең бойынша 2 орынды Пилипенко Дарья,3 орынды Пинаева Варвара, Үшінші кезең бойынша 1 орынды Қожанов Жамбыл,2 орынды Қуантаев Ержан, 3 орынды Кишкинбеков Асылжан жеңіп алды.
Өз шығармашылығынан Қожанов Жамбыл мына өлеңімен көзге түсіп,көрермендерді таң қалдырды.
Абай атамызға арнау
Ойы менен өлеңіне жылынып ,
Ұрпақ айтып жүреді ғой жыр қылып,
Ұлы Абайды оқып әлі келемін,
Әрбір сөзі шіркін қандай ұлылық.
Өмір ағаш сынатындай бұтағы,
Абайды оқы ақылды адам ұтады.
Қазақ үшін қайнаған Абай бабамның ,
Әрбір үйде түру керек кітабы.
Есті қазақ Абай деген тау тұлғаң,
Сана менен сан биікке талпынған.
Дәл бүгінгі ақшаңыздан халайық,
Абайдың сөзі қымбат алтыннан .
Ескермей жүр шыныменен көп халқым,
Ескермесін мейлі бүгін кеш қалсын.
Әр күн сайын,әр таң сайын Абайды,
Бүгінгідей барлық қазақ қазақ еске алсын.