25.03.2016 жыл Қостанай педагогикалық институты, Қазақ және орыс филологиясы факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы практиканың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаттары:
- болашақ маман даярлаудағы машықтанудың маңызын арттыру;
- өндірістік практиканың барысында кездескен қиындықтарды табу, оларды шешу жолдарын талқылау;
Дөңгелек үстелге практика базалары болып табылатын қала мектептерінің, колледждердің мұғалімдері шақырылды. Олар: С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мұртазина Алима Жапанқызы, Б.Момышұлы атындағы №5 мектептің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қазиева Айгүл Айтқожақызы, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектептің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Скендирова Гүлбейне Айтбайқызы, Қостанай құрылыс колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Кенешова Айгуль Каршигановна, Қостанай құрылыс колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Есеналина Жұмагүл Токушевна, №18 мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Асылханова Гульнара Амантаевна.
Дөңгелек үстел барысында негізгі қарастырылған, қамтылған мәселелер төмендегідей:
- Мектептегі сабақтың өтуін дәстүрлі түрден «Кембридж» оқыту әдісіне ауыстыру тиімді ме?
- Машықтанушылардың байқауынша, мектеп ұстаздарының уақыттарының басым бөлігі қағазбастылыққа жұмсалатын көрінеді, бұдан шығудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?
Аталмыш мәселелерге сәйкес дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, практиканың өтілу барысы, студенттердің жұмыс нәтижелері туралы пікір айтты. 4 курс студенттері ( Азнакулова Гүлнұр., Жакупова Үміт.,) өз тараптарынан практика өту кезеңіндегі педагогикалық іс-әрекеттері, кездескен қиындықтары мен жеткен жетістіктері жөнінде ой бөлісті.
Студенттер тарапынан көптеген күрделі мәселелерге орай пікірлер айтылып, ұтымды ұсыныстар да жасалды. Дөңгелек үстел қорытындысында өндірістік (педагогикалық) практика сапасын арттыру, оны ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіру бойынша мұғалімдер және машыккер студенттер тарапынан қорытындылар жасалды:
Дөңгелек үстел нәтижесі мұндай кездесулердің қажеттігін, практиканы жетілдіру үшін осы сипаттағы талқылаулар мен талдаулардың, пікірталастар мен ұсыныстардың аса маңызды екендігін көрсетті.