Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойы және де Қазақстан республикасының тәуелсіздік күніне орай Қостанай құрылыс колледжінде тұнғыш рет колледж директоры Арман Шамшинның бастамасымен барлық бөлім студенттер арасында 3- номинация бойынша «Абай оқулары» өтті.
Байқаудың мақсаты: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлендерін , қара сөздерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Байқауға 14 студент қатысып, өздерінің үлкен дайындықпен келгендерін көрсете білді. Қостанай өңірінің айтыскер ақыны Салтанат Өтелбаева, Қостанай таңы газетінің тілшілері Қасқырбай Қойманов, Жандос Жүсіпбеков төрелік етті.
Колледж студенттері «Абай оқуларына» қатысушыларды қолдап, жігер, дем беріп отырды «Абай дана, Абай дара» қазақта атты байқаудың жеңімпаздары мадақтама грамотасымен марапатталды. Бұл өткізілген байқау көптің көңілінен шықты. Осы тұңғыш өткізілген байқаудың әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймын.

1 – кезең «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

Орынбаев Ғалымжан- 1 орын

Ғалиханов Алихан-2 орын

Нургалиева Дина-3 орын

 2 – кезең «Көңілім әнді ұғады»

Жазыкпаева Мадина- 1 орын

Жакупов Әділ-2 орын

Алібеков Қалдыбек-3 орын

3 – кезең «Жүйріктен жүйрік  озар жарысқанда»

Қожанов Жамбыл-1 орын

Қуантаев Ержан-2 орын

Мадьяров Мадьяр-3 орын